• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2017

Жетісу жобаларды жүзеге асыруға кірісті

334 рет
көрсетілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында сөз болған жобаларды іске асыру барысында  Жетісу жерінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы өңірлік комисия  отырысы  Талдықорғанда өтті.  Алматы  облысының  әкімі Амандық Баталов қоғамдық сананы жаңғырту барысында келелі ой қозғап, нақты тапсырмалар берді.

Бүгінгі таңда  қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары бойынша алты бағытта арнаулы топ жұмыс істеуде.  Оған қоса «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнаулы топ та  құрылған.  Негізі  «Туған жер» бағдарламасының аясында «Менің Жетісуым» атты  жерлес кәсіпкерлердің облыстық форумы, «Жетісудың жеті кереметі» таңдаулы тарихи-мәдени, өлкетану экспедициясы, түркітілдес мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен «Ұлттық код және латын әліпбиі» тақырыбында халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы, «Жетісудың жастарға тартуы», білім беру ұйымдарына факультатив есебінен  «Туған өлке тарихы және Өлкетану» пәнін енгізу бойынша жұмыстарды жандандыру, «Жетісудың әдебиет айдыны» атты облыстың ақын-жазушылармен кездесуі және басқа да шаралар қарастырылған.   Жиын қорытындысында облыс әкімі Амандық Баталов: – Болашақ бүгіннен басталады дегендей, Мемлекет басшысы біздің алдымызға келешекке бағытталған үлкен міндеттер жүктеп отыр. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы соның айқын көрінісі. Бүгінгі күні бағдарламалық мақаланың негізгі шарттарына сүйене отырып, нәтижеге мақсатты да сапалы жұмыс істеуіміз қажет. Осыған орай өңірлік комиссияның және жұмыс топтарының мүшелеріне, аудан, қала әкімдері мен басқарма, департамент басшыларына жоспарланған іс-шараларды сапалы әрі уақытында орындауды тапсырамын, – деді.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы